МЕРЕНГОВЫЙ РУЛЕТ! Ақуыздан жасалынған рулет! Ауызда еритін рулет! ҚАЗАҚША РЕЦЕТ

Aigerim Maksatkyzy
Aigerim Maksatkyzy
1.1 هزار بار بازدید - 3 سال پیش - Меренговый рулет! Ақуыздан жасалынған рулет!Ауызда
Меренговый рулет!
Ақуыздан жасалынған рулет!
Ауызда еритын рулет.....айта берсең бітпейді.....сізде дайындап көріңіз.
Ұнайды деген үміттемін.

Бізге керек заттар:

1) Ақуыз - 6 дана
2) Қант ұнтағы - 200 гр
3) Лимон қышқылы - шым-шым

Крем:
1) Творожный сыр - 200 гр
2) Қант ұнтағы - 70 гр
3) Сливки - 150 гр


❗ Майдың ізі жоқ, таза ыдысқа ақуызды саламыз, лимон қышқылын қосып 1-2 минут миксерлейміз.
❗Кейін қант ұнтағын қосып 5-7 минут миксерлейміз.
❗ Пергамент қағазы төселген противеньге массамызды салып жайып шығамыз. Қызып тұрған 160 градус духовкада 30-40 минут пісіреміз.
❗ Меренгамыз дайын болғанша , крем дайындаймыз.
❗ Творожный сырға қант ұнтағын қосып, миксерлеп аламыз.
❗ Кейін сливки қосып, қою масса болғанша миксерлейміз.
❗ Кейін құлпынайды ұсақтап тураймыз.
❗ Духовкадан шыққан меренгамызды противеньнен шығарып, пергамент қағазына аударып салқындатамыз.
❗ Салқындағаннан кейін крем жағамыз(кішкене бөлігін бетін әрлеуге қалдырамыз), құлпынайды сеуіп рулетті ораймыз.
❗ Тоңазытқышқа 2-3 сағатқа қоямыз.
Рулет өте нәзік, дәмді, балған болып шығады.
Астарыңыз дәмді болсын!

Егер рецепт ұнаса лайк басып, пікір қалдырып, достарыңызбен бөлісіңіз.

#меренговыйрулет#рулетизмеренга#рецептмеренговыйрулет
3 سال پیش در تاریخ 1400/05/31 منتشر شده است.
1,125 بـار بازدید شده
... بیشتر