Бауыржан Туралы Ащы Шындық!

BILGEN DURYS
BILGEN DURYS
1 میلیون بار بازدید - 5 سال پیش - Бәріңізге Ассалаумағалейкум Ел басына күн
Бәріңізге Ассалаумағалейкум Ел басына күн туып, ат ауыздықпен су ішіп, ер етігімен су кешкен кезде тоз-тозы шыққан халықтың етек-жеңін жиып, мүддесін қорғаған қаһарман, дара тұлға. Қысылтаяң сәттерде де қазақтың намысын бәрінен жоғары қойып, қарсы алдындағы жаудан қаймықпаған қолбасшының арманы Тәуелсіздік болды! Сіз үшін Бауыржан Момышұлы жайлы БІЛГЕН ДҰРЫС! Ысқырған жел, қақаған аяз, күндіз бораған қар, түнде түтеген боран. Әскерлерде дамыл жоқ. Қардың беті ал-қызыл түске боялған қанға толы. Герман әскерлері Польша мен Францияны аяғына басып, Кремль мен Варшаваны жайпап өтті. 1941-жылы, маусымның 22-күні Кеңес шекарасына басып кірген немістердің қарқыны қатты. Қатты болғаны соншалық Ленинград түбінен бірақ шықты. Ал, терлеңдер. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан ажыраған әскерлердің кейбіреуі жынданып кетті, кейбіреулері өзді-өзін атып өлтірді. Сонда-да Ленинград қаласы 900 күндік шайқастың нәтижесінде жау қолына берілмеді. Ал, Мәскеу ше? Мәскеу де бұл кезде ойран-тобырдың ошағына айналған. Мәскеуде берілмеді. Мәскеу бірақ 900 күн бойы қорғанған жоқ, 1942-жылы қарсы шабуылға шықты.  Мәскеу түбінде 74 тен астам дивизия жасақталып, барлығы 1 миллион 200 мың сарбаз жан қиярлықпен шайқасты. Оның ішінде қазақтың батыры, комбат Бауыржан Момышұлы бар еді. Ол Василий Иванович Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының құрамындв подполковник болды. Бауыржан үшін Мәскеудегі қан-майдан өміріндегі ең маңызды кезеңдердің біріне айналды. Талай мәрте ажал құрық салса да оққа ұшқан жоқ, аязға үсіген жоқ, ыстыққа түн шыққан жоқ. Жаумен 207 рет бетпе-бет келіп, 16 рет қоршауды бұзып шықты. Кешегі нар тұлғалы Қабанбай қартайған шағына дейін 103 рет жекпе-жекке шығып барлығында жеңсе, бүгінгі Бауыржан да ата-бабасының ерлігін қайталай білді. Қазақтың қай заманда да қаһарман халық болып қалатындығын ұғындырды. 1941-жылы 16 мен 18-қараша күндері аралығында Вермахтың Мәскеуге екінші дүркін шабуылы кезінде Бауыржан басқарған батальон өз дивизиясынан қашықта орналасқан Волоколам тас жолының бойында аса ерлікпен соғыс жүргізді. Комбаттың дарынды басшылығының арқасында неміс әскері бұл маңда 3 күнге іркіліп қалды.  Бұл ерлігінен соң комбат өз жасағын асқан шеберлікпен қоршаудан алып шықты. Осындай бір қысыл-таяң кездерде Бауыржан Момышұлы адам сенгісіз әдіс жасайды: Алдымен ол орманда күндіз тынығып алып, түнде ғана тығылып жүріп партизандық соғыс жүргізеді.  316-атқыштар дивизиясының басшысы Панфиловке жалған ақпарат беріп өздерінің түгел қырылғандығы туралы баяндайды.  Бұл алдарқату амалына немістерде сеніп қалған болатын. Осылайша 316-дивизияның 1075-полкін адам шығынынсыз, қоршаудан алып шығып Панфиловтың алдына келеді.  Панфилов сенер-сенбесін білмей, жас сардардың ерлігіне тәнті болып көзіне еріксіз жас алады.  Панфилов көптен көрмеген бауырын кездестірендей қапсыра құшақтап,  бетінен сүйіп: "жәрайсың,  сұңқарым.  жәрайсың,  арыстаным"  деп арқасынан қағады. 1942-жылы қаңтар ақпан айларының ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып,  фашистердің мыңдаған офицерлері мен жауынгерлерін саптан шығарады. Жарылған гранаттың, атылған автоматтардың оғын, жаңбырша жауған миномет пен пулеметтердің сұсты түрін көрген жанның зәресі зәр түбіне жететін еді. Бауыржан осының барлығына шыдас берді. Жаудың көптеген техникасын жойып жіберді. Бір қызығы Бауыржан қақаған қаңтарда да, шіліңгір шілде де 100 грамм татқан емес. Араммен асқазанын былғамақ түгілі, ауызын да шаймаған. Әкесі мен аталары да дінге жақын жандар болған деседі. Бәлки бұлда тектіліктің тағы бір нышаны шығар. 1944-жылы Комдив болып жүргенде Дубровка деревниясының маңында болған ұрыс кезінде қатты жараланады. Өзінің айтуынша жерден шығып тұрған темірге құймышақпен құлаған екен. Біраз уақыт атқа отыра алмай,  төсекке жата алмай жүрді. Бірақ госпитальға бармады. 1945-жылдың 21-қаңтарынан бастап полковник Бауыржан Момышұлы Прибалтика майданының 9-атқыштар дивизиясын басқарды. Осы жылдың наурыз бен сәуір айларында Бауыржан басқарған дивизия Приекуле станциясының Солтүстік-батыс аймағын жаудан тазартып шығады.  Ұлы Отан соғысы кезеңінде де ұлы даламыздан шыққан батырлардың саны есепсіз болды. Аузынан кәлима-шаһадатын тастамай жаудың 300 ұшағын құлатқан Талғат Бигелдинов. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев,  Мәншүк пен Әлия, Хиуаз сияқты қазақтың шынарларын ойласақ бүгінгі атқан таңымыз бен батқан күніміздің қаншалықты баянды екенін білеміз. Бауыржан да осындай батыр бабаларымыздың көшбасшысы болған. Баукең нағыз қазақ болды. Ол әрдайым өз аузынан Абылай мен Кенесарыларды тастамай ұран етіп жүрді. Бауыржан ұлтшыл болды. Ол аға-буын өкілдері Әлихан мен Ахметті, Міржақып пен Бейімбетті пір тұтты. Оның ұлтшылдығынан қаймығып,  талай жағымпаздар ат тонын ала қашты. Толығырақ Видеода....
5 سال پیش در تاریخ 1398/09/22 منتشر شده است.
1,099,782 بـار بازدید شده
... بیشتر