Әлі ақталған жоқпын – әйгілі суреттегі желтоқсаншы

Азаттық рухы / Azattyq ruhy tv
Азаттық рухы / Azattyq ruhy tv
480.9 هزار بار بازدید - 4 سال پیش - Алматылық желтоқсаншы Анар Рақымжановамен ашық
Алматылық желтоқсаншы Анар Рақымжановамен ашық сұхбат

Анар Рақымжанованың есімі 1986 жылы түсірілген фотодан кейін көпке танылды. Әйгілі суретте  қазақтың шынашақтай қызын үш милиция қызметкерінің  алаңнан сүйреп бара жатқаны бейнеленген. Биыл Желтоқсан көтерілісіне 34 жыл толса да, 19 жаста алаңда жүрген  Анар Рақымжанова  сол ызғарлы күндерді әлі ұмыта қоймаған. Талай жасты тоңдырған желтоқсан айын кейіпкеріміз көп еске алғысы келмейді.

Бірақ «Азат Алаң» бағдарламасына ашық сұхбат беріп, желтоқсаннан кейінгі өмірі, отбасы,  алаңға шыққандардың ауыр тағдыры,  Қаскелең қаласының ішкі істер бөлімінде қазақ қыздарына көрсетілген қорлық пен өзін батыр деп атауға неге қарсы екені туралы айтты.  Бұл суретке күмән келтіргендерге де өз жауабын берді.

Айта кетейік, кейіпкеріміз  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Төлеген Рақымжановтың қызы.  Анар Рақымжанова 1985 жылы Семейден Алматыға келіп  сол кездері аты дүркіреп тұрған Қыздар педагогикалық университетіне оқуға түспек болады. Алайда, алаңға шыққаны үшін 5 жылға жоғары оқу орнына түсу құқығынан айырылған.

Ыңғайлы болу үшін: тайм-кодтың үстін басыңыз да, сұқбаттың қалаған жерін көріңіз

00:00 анонс
01:00 Желтоқсаншыларды Тәуелсіздік күні қарсаңында іздейміз
01:58 Анар Рақымжанова неге ақталмады?
03:25 Жетоқсанға қатыстым деп Үкіметке қол жаймадым
05:02 Ақталатыныңызға сенесіз бе?
06:05 Жолдасымды жұмыстан шығарды
06:50 Маған «декабристка» деді
07:30 Суретке күмәнданғандар болды
08:03 Өзіңізді қалай таныдыңыз
10:20 Алаңға қалай бардым
11:35 Милицияға қалай ұсталдым
16:11 Қаскелеңнің Ішкі Істер бөлімінде болған азаптау
17:00 Желтоқсаннан кейінгі өмірі
18:41 «Батыр» деп айтпаса екен
19:37 Желтоқсаншылардың мұңы
21:02 Көбінің денсаулығы жоқ
22:52 Өмірі мен отбасы жайлы
23:33 Өкінбеймін...
24:15 Атаққа қызыққан емеспін
27:00 Бейбіт өмір тілеймін









Біздің сайт: https://azattyq-ruhy.kz
Instagram: Instagram: azattyq.ruhy
Facebook: Facebook: Azatruhy
Telegram: https://t.me/azattyq_ruhy
Twitter: Twitter: AzattyqRuhy

Наш сайт: https://rus.azattyq-ruhy.kz/
Instagram: Instagram: azattyq.ruhy
Facebook: Facebook: Azatruhy
Telegram: https://t.me/azattyq_ruhy
Twitter: Twitter: AzattyqRuhy
4 سال پیش در تاریخ 1399/09/25 منتشر شده است.
480,987 بـار بازدید شده
... بیشتر