БАНДИТТАР БҰЛ ОМАРТАШЫ ЖІГІТТІҢ АҚИҚАТЫНДА КІМ ЕКЕНІН БІЛМЕДІ | Пчеловод 2024 фильм | Кино шолу

КИНО ШОЛУ
КИНО ШОЛУ
133.9 هزار بار بازدید - 7 ماه پیش - Бүгін біз 2024 жылы шыққан
Бүгін біз 2024 жылы шыққан "Пчеловод" деген боевик киноға шолу жасаймыз.Басты кейіпкеріміз Джэйсон Стэтхам.Достар каналымызға тіркелуді ұмытпайықшы...Ал ендеше кеттік... Кино басы.Адам Клэй деген басты кейіпкерімізді байқаймыз.Омарташы болып жұмыс істейді.Осы жердегі үйшікті Элоиз деген әйел оған жалдап тұруға берген екен.Жолда Клэй кетіп бара жатқанда,Элоиз кездесіп,кешкі асқа шақырады.Кейін Элоиз үйіне барып,ноутбугын ашып жұмыс істемекші болады.Бір кезде ноутбукка хабарлама келеді.Сіздің дискіңіз бүлінді дейді.Ол жерде телефон нөмір жазылып тұр.Элиоз сол нөмерге қоңырау шалады. Сонда тұтқаны Юнайтед Дэт Групп деген компания алады.Олар арнайы клиенттерді алдайды екен.Элиоз өзінің проблемасын айта бастайды.Сол кезде Гарнет деген компания бастығы,сізге арнайы қолданбаны жүктеп алу керек дейді.Ол үшін біздің сайтқа кіресіз,сосын жүктеу деген пернені басасыз дейді.Элоиза бәрін айтқандай жасайды.Әлгілер болса,Элиоздың картасындағы ақшаларын қарай бастайды.Элоиза өзі балалар үйінде директор болып жұмыс істеуші еді,сол үйдің ақшасы тұрады.2 млн доллардай ақша.Гарнет Элоизға келесі қадамдарды айтып,Элиоздың ноутбугы сөніп қалады.Ал бұл компания кемпірдің бүкіл ақшасын сыпырып алады.Кейін Элоиза ноутбугын қайтадан қосып қараса,бүкіл ақшасы нөл болып тұр.Элоизаның көңіл күйі өзгеріп кетеді.Бірден телефонға хабарлама келеді.Сізді алдаған сияқты дейді.Элоиза болса,мен не бүлдірдім деп отырады.Клэй болса,бір банка балын алып Элоиза қонаққа келе жатады.Сөйтіп үйіне кіргенде,оның артынан тапанша тақап,Верона деген қыз тұрады.Элоизаның қызы еді.Клэй оны танып тұр.Ол бұрылып,көңіл айтамын дейді.Қарасақ Элоиза өзіне қол жұмсапты.Қызы болса,енді анасына қонаққа келген түрі еді,жылай бастайды.Верона өзі полиция қызметкері еді,сол себепті бірден әріптестері жетіп келеді.Басқа әріптестері болса,Элиоздың өз өзіне қол жұмсағанын айтады.Верона оған сенбей,бұл жігіт не істеп жүрді түнде дейді.Жалпы менің анам өмірді жақсы көретін адам,ешқашан олай жасамас еді дейді.Клэйді алып кетеді.Кейін Верона ноутбукты қарап,себебін біледі.Ал біраздан кейін полиция қызметкерлері Клэйді қайтадан әкеп тастайды.Қаруда тек қана Элиоздың қолының ізі дейді.Артынан Верона,Клэйдің омартасына барып,Клэйден жала жапқаны үшін кешірім сұрайды.Мүмкін бірдеңе ішесің дейді.Оған Клэй,тек қана қасыңда отыра аламын дейді.Екеуі әңгімелесіп,Верона Клэйге анасына қарап жүргені үшін рахмет айтады.Сосын Верона негізгі себепті айтады.Олар анамды тонап кетіпті.Бүкіл ақшасын картасынан сыпырып алыпты.Ол ақшаның бәрі балалар үйінікі еді дейді.Клэй болса,бұлар кімдер дейді.Бірақ бұл компания жайлы полиция қызметкері де білмейді екен.Ешбір қарсы дәлел жоқ.Ал ол компания осылай қаншама адамның ақшасын өздеріне аударып алған.Артынан Клэй өзінің танысына қоңырау шалады.Сөйтсе Клэй жәй адам емес,ол Омарташы деп аталатын ұйымның бұрынғы мүшесі екен. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов
7 ماه پیش در تاریخ 1402/11/13 منتشر شده است.
133,966 بـار بازدید شده
... بیشتر