Таскескендегі Аламан айтыс

Талғат Сақан
Талғат Сақан
299.9 هزار بار بازدید - پارسال - Айтыс додасының дүлділдері Тұғырлы Таскескеніміздің
Айтыс додасының дүлділдері Тұғырлы Таскескеніміздің төрінде өнер көрсетті! Республикалық Аламан ақындар айтысы “Ауыл - Ел бесігі” деген атпен өтті. Айтысқа ел сағынған елеулі құрам айтыскерлер қатысты. Олардың қатарында: Балғынбек Имашев, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Бекарыс Шойбеков, Сара Тоқтамысова, Мұхтар Ниязов, Сырым Әуезхан және т.б. от тілді, орақауызды ақындар болды. Айтысты Мәжіліс депутаты, айтулы ақын Аманжол Әлтаев жүргізді. “Ауыл - ел бесігі” республикалық аламан ақындар айтысына да Chevrolet Cobalt автокөлігін тігілді. Әр қатысқан ақынға екі жылқыдан берілді. Қосымша ақын Балғынбек Имашевке темір тұлпар табысталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлықтау рәсімінде: “Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. “Ауыл – Ел бесігі” деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын», - деген болатын. Осы Жарлықтан кейін ауылдарымызды дамыту бағдарламасы қабылданған болатын. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.  Таскескен төрінде өткен аламан айтыстың негізгі мақсаты - осы бастаманы қолдау, сол игі бағдарлама барысында жасалып жатқан шаруалар туралы айту, ауылдағы өзекті мәселелерді қозғау. Еліміз бойынша 6,5 мыңға жуық ауылдық елді мекенде 7,7 млн-нан астам адам немесе ел тұрғындарының 42%-ға жуығы тұрады екен. Біздің елдің басты байлығы - адамдар. Сол байлығымыздың басым бөлігі ауылдарда тұрады екен. Сол үшін де ауылдарды көтеру өзекті мәселе. Сол үшін де Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың кәсіпкерлер болып ауылдарды көтеру бастамасын қолдау мақсатында осы той өткізілді, игі бастамалар қолға алынып жатыр. Жер-жердегі кәсіпкер, байқуатты бауырларымды осы бастаманы қолдап, ауылдарымызды жаңғыртайық! Елімізде тұғыры биік ауылдар көп болсын! ****** Талғат Сақанның инстаграм парақшасы: 👉instagram.com/talgatsakan?igshid=ir4460o7uwgx Q4 TULPAR компаниясының инстаграм парақшасы: www.instagram.com/q4tulpar_auto/?hl=ru Талғат Сақан - Q4 Tulpar халықаралық автосалондар желісінің негізін қалаушы. Қазақстанда 16 филиал, Өзбекстанда 3 филиал бар Сіз бұл каналдан Талғат Сақанның бизнес жолы, 83 млн тг қарыздан қалай құтылды?, Q4 Tulpar компаниясын қалай ашты? Қандай қоғамдық іс-шаралар жасап жатыр? Белді кәсіпкерлер мен беделді адамдармен кездесулерін, сұхбаттарын көре аласыздар
پارسال در تاریخ 1402/06/09 منتشر شده است.
299,929 بـار بازدید شده
... بیشتر