“Көтен беру” дәстүрі туралы

Фермер Әже
Фермер Әже
697 بار بازدید - 7 ماه پیش - Кейінгі ұрпақ біле жүрсін..“Көтен беру”
Кейінгі ұрпақ біле жүрсін..
“Көтен беру” дәстүрі туралы естіп, көрмегендер болса, қысқаша түсіндіріп өтейін.

Менің ес білген кезімнен, біздің қара шаңырақта қысқы соғым сойылып, жылқының қарын-қартасы әбден жуылып тазаланған соң, анашым қартаның ең шеткі бөлігін тұздап, кептіріп, сақтап қоятын.
Көктем келіп, қар еріп, көк шыға бастағанда табында жүрген биелер құлындай бастайды. Бұл  үрдіс жылда қайталанып отыратын табиғаттың жаратылысы ғой.
Сондай күндердің бірінде, жылқышы  “Шешей, сүйінші, сіздердің торы биелеріңіз құлындады, маған сақтаған көтенді қазанға сала беріңіз”-деп келеді.
Жылқы басы көбейгеніне әке-шешеміз баладай қуанып, жылқышының сүйіншісін қолына ұстатып, бір -екі мүше жылқы етіне қосып, кеуіп тұрған көтен қартаны қазанға салады. Сөйтіп, жылда алғашқы бие құлындағанда “Көтен беру” дәстүрін жасайды. Көтен қарта жылқыны баққан адамның несібесі болып саналады.
Ол дәстүр, кейінгі биелер де аман-есен төлдеп, мал басын көбейтсін деген ниетпен жасалады.
Адамның пейілі кең, ниеті дұрыс, ойы жақсы болса, Жаратушы Алла қолдайтыны сөзсіз.
Міне, “Көтен беру” дәстүрі осыдан туындаған.
Еліміздің басқа өңірлерінде мұндай дәстүр бар ма мен білмеймін, ал енді біздің солтүстік, орталықтың қазақ ауылдарында осы уақытқа дейін жасалып келеді.

Достар! Бәріміз бірігіп  ана тілімізді дамытайық❗️
Менің оқырмандарымның арасында осы дәстүр туралы білетіндер болса, өз естеліктеріңізбен бөлісіп, жаза отырыңыздарі✍🏾
7 ماه پیش در تاریخ 1402/10/20 منتشر شده است.
697 بـار بازدید شده
... بیشتر