Назарбаев биліктен кетті. Неге?

Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
1.3 میلیون بار بازدید - 6 سال پیش - 19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан
19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми БАҚ арқылы мәлімдеме жасап, биліктен кететінін мәлімдеді. Қазақстанды 30 жыл басқарған 79 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдемесінде "Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер. Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бірақ бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ­- оңай шешім емес" деді. Назарбаев "сайлау кезінде сенген, дауыс берген" халыққа алғыс айтты. Ол "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін мәлімдеді. болады" деді. Назарбаев сайлау өткенге дейін уақытша президент қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты. Назарбаевтың сөзінше, Тоқаев бірнеше тіл білетін «адал әрі жауапкершілігі жоғары, Қазақстанды басқаруға лайықты азамат». "Тоқаев Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеп келеді. Мен оны жақсы білемін. Ол - адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінеді. Ол барлық бағдарламаларды әзірлеуге және қабылдауға атсалысты" деді Назарбаев. Бізге жазылыңыздар: Фейсбук: https://www.facebook.com/azattyq/ ВК: https://vk.com/azattyqradiosy Твиттер: https://twitter.com/AzattyqRadiosy Телеграм: https://telegram.me/azattyq
6 سال پیش در تاریخ 1397/12/28 منتشر شده است.
1,300,984 بـار بازدید شده
... بیشتر