Сәнім-Бесік жыры..

Sanim
Sanim
1.4 میلیون بار بازدید - پارسال - Ай-бопем / Ai Bopem /
Ай-бопем / Ai Bopem / Әй-әй бөпем by Sanim

Музыка:Б.Быхин
Сөзі:Сағи Жиенбаев

Әннің сөзі:

Әй-әй бөпем, әй бөпем,
Ән айтайын, бал бөпем,
Ән тыңдағың келсе егер,
Ән айтайын, жан көкем
Бөпем менің ай ма екен.
Шекер ме екен, бал ма екен.
Ойнақтап бір бәйгеден
Озып келер тай ма екен

Қайырмасы:
Әй-әй бөпем, әй бөпем,
Ұйықтадың ба, бал бөпем…
Алдағанға көнетін
Аңқау бөпе қайда екен.

Тас бұлақтар тауда екен,
Жас құрақтар сайда екен.
Көлбең-көлбең ұшатын
Көбелектер қайда екен?
Қара қарға қарда екен,
Жапалақтар жарда екен,
Балпаң-балпаң басатын
Балапандар қайда екен.

Қайырмасы:
Әй-әй бөпем, әй бөпем,
Ұйықтадың ба, бал бөпем…
Алдағанға көнетін
Аңқау бөпе қайда екен?
پارسال در تاریخ 1402/02/22 منتشر شده است.
1,427,610 بـار بازدید شده
... بیشتر