ҚОЛЫҢЫЗ ҰЙЫП ҚАЛАДЫ МА?, Онда Мына Аурудан Болуы Мүмкін. Аяқ-қолдың ұюы неден болады?...

DERTKE DAUA
DERTKE DAUA
207.4 هزار بار بازدید - 2 سال پیش - Баршаларыңызға Ассалаумағалейкүм! Бұл видеода қолдың
Баршаларыңызға Ассалаумағалейкүм! Бұл видеода қолдың не себепті ұйып қалуы  және ағзаңызға витаминдер жетіспеушілігінің алдын алу  жөнінде ақпарат аласыз! Видеоны соңына дейін көріңіз! Сіз естіп білмеген ақпараттар бар.

▶️Қолдың жиі ұюы тегін емес
Қолдың ұйып қалуы кімге де болса таныс нәрсе. Ол көбіне адам жайсыз жатып қалғанда, киім қысқанда пайда болады, бірақ көп уақыт өтпей өздігінен басылады. Дегенмен кейде қол, саусақтар ешқандай себепсіз де ұйитын кездері болады. Ал мұндайда дәрігерге көрінген дұрыс. Өйткені оған аурулар да әсер етіп жатқан болуы мүмкін.
▶️Мысалы, мойын аумағының остеохондрозы кезінде оң немесе сол қол саусақтары ұюы мүмкін. Қарақұс аумағындағы орталық жүйке ұлпалары қысылып қалса да адам саусақтарда ұю, оған қоса ауырсыну пайда болғанын сезінеді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Бұған көбіне компьютермен жұмыс істейтіндер бейім. Сондықтан олар жиі дене жаттығуларын жасап тұрулары керек.
▶️Полиневрология деген ауру бар. Оған ұшыраған адамның саусақтарындағы жүйке қосылыстары бүлінеді. Саусақтар ұйып, сосын оларға ине сұққылап жатқандай жыбырлайды. Бұл витаминдер жетіспеуінен, темір жетіспеушілігі анемиясынан, панкреатиттен, қант диабетінен, түрлі инфекциялық аурулардың кесірінен болуы мүмкін.
▶️Сондай-ақ «Лейно синдромы» деген ауру кезінде де саусақтар ұйиды. Ол саусақтардағы, ұсақ қан тамырларындағы қан айналымы бұзылуынан пайда болады. Яғни ұсақ капиллярлар мен артериялар бүлінеді. Екі қол саусақтары ұйып қана қоймай, ауырып мазаны алады. Күн суықта олар тез тоңады, ауруды тез жұқтырады. Мұндай ауруға ұшырамас үшін қолды мұздай суға көп батырмау керек, ыдыс-аяқты, кірді жуғанда арнайы қолғап киген дұрыс. Ауруды асқындырмас үшін дәрігерге көріну керек.
▶️Қолдың жоғарғы жағындағы артерия тамырында тромб пайда болса да саусақтар ұйиды. Егер бір сағат бойы тоқтамаса, онда дәрігерге тезірек көрінген жөн. Әйтпесе жасуша ұлпаларында невроз пайда болуы мүмкін, ал мұның соңы қолды операциямен кесуге соқтыру қаупі бар.
Мида тамыр түйілсе де тірек-қимыл мүшелері ұйиды, бұл инсульттің белгісі. Мұндайда көбіне бір қол ұйиды, қан қысымы көтеріліп, басы қатты ауырады. Ондай жағдайды сезінген сәтте-ақ дәрігерге көріну керек.
Аяқ-қол ұюы ревматизм, түрлі жарақаттар алу, буын¬дар қабынуы, эндокриндік аурулар кезінде де байқалады. Сондықтан оның нақты себебін өз бетімен анықтау қиын, невропатологқа көріну керек.
▶️...Қысқасы, аяқ-қол ұюының себептері көп. Ол қолайсыз жатып қалу, аз қимыл әсерінен болса, онда түрлі дене жаттығуларынан кейін-ақ басылады. Ал егер ол үнемі мазаласа, аса жайсыз әсер ете берсе, онда уақыт оздырмай невропатологқа көрініп, түрлі тексерілулерден өту керек.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.

Өз ДЕНСАУЛЫҒЫН жақсы күтетін, өз өмірін ЖАҚСЫ жаққа қарай өзгерткісі келетін АДАМ болғыңыз келсе, АРНАға тіркеліңіз!
Өміріңізге ПАЙДАЛЫ видеоны басқа АДАМДАР да көрсін десеңіз, біздің еңбегімізді бағалап, ЛАЙК басып жақындарыңызға таратсаңыз, біз қуанышты болар едік!
КӨП РАХМЕТ!

Muzic: https://www.bensound.com/

#денсаулық #ем #қазақша #қолұйыса #лимонныңпайдасы #имунитеткөтеру
2 سال پیش در تاریخ 1401/08/04 منتشر شده است.
207,415 بـار بازدید شده
... بیشتر