"ЖЕЗДУХА" АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНБАУҒА ШАҚЫРАДЫ #Жездуха, #МиллионКомандасы​

Ай-Күн Ақпарат
Ай-Күн Ақпарат
352 بار بازدید - پارسال - "Жездуха" жігіттері алаяқтарға алданбауға шақырады"Жездуханың"
"Жездуха" жігіттері алаяқтарға алданбауға шақырады

"Жездуханың" жігіттері алаяқтарға алданбауға шақырады. Қалай? Видеоны соңына дейін көріңіз. Достар арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар...

Бүгінде адал ақша табудан арланып, оңай жерден олжа тапқысы келетін алаяқтар көбейіп кеткені белгілі. Біреулердің маңдай терін төгіп тапқан қаржысын санаулы сәттерде-ақ алдап, арбап қалтасына басатындарға қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы полицейлерінің ұйымдастыруымен алаяқтық қылмысының алдын алу мақсатында, профилактикалық қысқаметражды фильм жасалды. Фильмге бүгінгі таңда өз өнерлерімен Қазақстанға танымал болған талантты "Миллион" командасының жігіттері түскен.  Яғни, қалың көрерменге "Жездуха", "Әпше" секілді сериалдар арқылы танылған жас жігіттер алаяқтық қылмысының түрлерін жұртшылыққа нақты өмірдегі мысалдармен жеткізген. Сондай-ақ, интернет алаяқтарына алданбауға шақыруда.
Бұл фильмді түсірудегі полицейлердің мақсаты-облыс тұрғындарын алаяқтарға алданбауға шақыру мен мүмкіндігінше қарапайым тілде алаяқтардың әрекеттерін түсіндіру болып табылады.

00:12 «Жездуханың» көздегені не?
00:44 Фильм не үшін түсірілген?
پارسال در تاریخ 1402/03/10 منتشر شده است.
352 بـار بازدید شده
... بیشتر